RU
Толық нұсқаға өту
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Білім күні: жаңа оқу жылында оқушыларды қандай өзгерістер күтіп тұр?

01.09.2026, 09:57 75

Бүгін еліміздегі 4,1 млн оқушы үшін жаңа оқу жылы басталды. Оның ішінде 380 мыңға жуық бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттаса, 227 мың оқушы 11-сыныпта білімін жалғастырады, деп хабарлайды «24KZ».

 Жаңа оқу жылынан бастап білім беру бағдарламаларына бірқатар өзгеріс енгізілді. Атап айтқанда, жаңа міндетті оқу курстары қосылып, оқу үдерісінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану басталады. Бастауыш сыныптарда білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға қатысты да өзгерістер бар – 1-4 сыныптарда БЖБ және ТЖБ өткізілмейді.

 Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде де жаңа тәсілдер енгізілуде. Қазір елімізде балабақшаларды қаржыландырудың ваучерлік тетігі пилоттық режимде жүзеге асырылып жатыр. Жоба аясында 1,1 млн ваучер берілген.

 Кәсіптік білім беру саласында биыл колледждерге мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 133 мың студент қабылданды. Мемлекеттік тапсырыстың 70%-ы техникалық бағыттағы мамандарды даярлауға бөлінді.

 Жаңа оқу жылында оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне де басымдық берілмек. Білім беру ұйымдарында тамақтандырудың жаңа стандарты енгізіліп, балаларды сапалы әрі құнарлы тағаммен қамтамасыз етуге қойылатын талаптар күшейтілді.

 Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар да күшейтілді. Ішкі істер органдары «үй – мектеп – үй» бағыты бойынша, білім беру ұйымдары мен қоғамдық орындарда, сондай-ақ интернет кеңістігінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жүргізеді.

 Осылайша, жаңа оқу жылы білім беру мазмұнын жаңартумен қатар, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, кәсіптік білім, балалардың тамақтануы және қауіпсіздігі бағыттарындағы өзгерістермен басталып отыр.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz