Білім саласын сынақ алаңынан сақтау керек. Президент ретсіз реформалардың кесірінен мұғалімдер күйзеліске түскенін айтқан еді. Расында, әр жаңа министр жаңашылдық енгізуге асық.
Үштілділік, әліппенің әлегі, пәндерді біріктіру немесе бөлу сияқты өзгерістер көп. «Артық қыламыз деп, тыртық қылып» жатқан жағдай жетерлік.
Мұғалімдерді аттестаттау мен біліктілікті арттыру жүйесі – түбі артық жүктемемен аяқталды. Ұстаздар қағазбастылық, бітпейтін есеп және мезі еткен тексерістен көз ашпай қалды. Мақсаттан тайдырған мансап жарысы да жарға жыққаны бар. Тұрақты тестілеу мен портфолио жинау – мұғалімдерді басты міндетінен айырды. Яғни балаға сапалы сабақ беру мен даярлық уақытынан қақты. Мектеп оқулықтарынан өтірікке құралған 700-ден аса өрескел қате табылды. Қағаз бен электронды есептің қатар жүруі де педагогтарды діңкелеткені жасырын емес. Электронды журналдар мен платформалар іс жүзінде мұғалімдердің жұмысын жеңілдетпеді. Керісінше, қағаз нұсқасын қоса толтыруға мәжбүр болды. Жиынтық бағалау жүйесі де баланың шаршап, ата-ананың шалдығып, мұғалімнің қосымша жұмысқа шатылуына соқтырды. Қазір БЖБ мен ТЖБ бастауыш сыныптардан алынып тасталды.
Тегтер #хабар24 #реформа #артық жүктеме #мұғалімPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz