«Келешек мектептері» білім берудің озық тәжірибелерін сынақтан өткізетін орталыққа айналуы тиіс. Президент өзі жүктеген міндетінің мерзімін де бекітті.
Алдағы 3 жылда инновациялық шешімдерді енгізіп, ұлттық білім беру үлгісі қалыптасу қажет. Жауапкершілік Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясына жүктеліп отыр. Аталған орталық тыңғылықты дайындықты бастап, тұжырым бекітіп жатқанын жеткізді. Тарқатсақ, бейімдік сыныптар ашылады. Университет ғалымдары мен сала мамандары оқушылардың қызығушылығына қарай келешек мамандық иелері үшін сынып жабдықтайды. ЮНИСЕФ қорымен де «жасыл мектептерді» дамыту бойынша келісім бар екен. Сондай-ақ педагогтар халықаралық деңгейдегі сапаға сәйкес келетін цифрлық құзыреттілік курстарынан өткізіледі. Қысқасы, келешек мектептерден келісіп-пішілген жобалар жөн болса жалпы орта мектептерге таратылады.
Ақмарал Жұмықбаева, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА «Келешек мектептерін» басқару орталығының директоры:
- Білім саласындағы опробациялау мәселесін негізгі идея ретінде алып отырмыз. Ол дегеніміз желі ішінде педагогикалық шешімдерді мектептерге бірден енгізу емес. Пилоттық режимде әр мектептің өз қажеттілігін ескере отырып, сол мектептің қажеттілігін, білім деңгейлерін, мұғалімдердің оқыту сапасын, олардың деңгейлерін, мектептің орналасуын да ескере отырып, ол қалай жұмыс істейді? Сол бойынша қорытынды жасау арқылы бүкіл жерге тарату жоспарланып отыр.
Келешек мектептері жобасы аясында 460 мың оқушыға шақталған 217 білім ошағы салынды. 84-і ауылдарда орналасқан. Нәтижесінде 130 мыңнан аса ауыл баласы қаладан қалыс қалмай білім алып жатыр.
Тегтер #хабар24 #Келешек мектептері #академия #ЫАлтынсарин
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz