RU
Толық нұсқаға өту

Атырау облысында үш «Келешек мектебі» ашылды

01.09.2026, 22:09 27

Білім күнінде Құрманғазы ауданында екі білім ошағы, ал Құлсары қаласында бір мектеп пайдалануға берілді. 

Жаңа нысандар заманауи құрылғылармен жабдықталған. Оқушылардың сапалы білім алуы үшін барлық жағдай жасалған.

Құлсары қаласында ашылған жаңа білім ордасы 1200 оқушыға арналған. Мектепте STEM және робототехника кабинеттері, ақпараттық технологиялар сыныбы мен шығармашылық шеберханалар жұмыс істейді. Инклюзивті білім беруге де барлық жағдай жасалған.

Данагүл Қыдырбаева, Құлсары қаласының тұрғыны:

- Жаңа мектеп сапалы білім, мықты тәрбие, жаңа орта және баланың дарыны мен шығармашылығын қалыптастырып, дамытады деген үміттеміз. Мектептің ең басты ерекшелігі – жаңа мектеп және де заманауи жабдықтармен жабдықталған. Неше түрлі техник бар және де баланың, ең бастысы, шығармашылығын, дарынын оятуға арналған мектеп.

Құрманғазы және Ақкөл ауылында 600 орындық екі мектеп пайдалануға берілді. Жаңа білім ордалары орын тапшылығын азайтып қана қоймай, балалардың сапалы білім алуына мүмкіндік береді.

Арайлым Жасенқызы, Құрманғазы ауданы М.В. Ломоносов атындағы жалпы орта мектеп директоры:

- Ең бір ерекше қуанатынымыз – инклюзивті білім беру кабинетінен бастап, барлығы да бар. Өздеріңіз де білесіздер, қазір технология дамыған заман. STEM, робототехника, баланың қызығушылығын арттыратын, жасанды интеллекттің негізін салатын кабинеттердің барлығы осы ғимаратта бар.

Жалпы өңірде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 9 мектеп салу жоспарланған. Бүгінде бәрінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Бұдан бөлек облыста 14 білім ордасының құрылысы жүріп жатыр. 

Авторлары: Асланбек Шығыр, Жандос Рахметуллин

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz