RU
Толық нұсқаға өту

QAIRU алғашқы студенттерді қабылдады

03.09.2026, 14:53 41

Бүгін елордада Орталық Азиядағы алғашқы жасанды интеллект университетінің жаңа оқу жылына дайындық барысы таныстырылды. Бакалавриатқа 400, ал магистратураға 100 студент қабылданды. Білім алушылар алғашқы курстан бастап өз жобаларын бастап, оқуын аяқтағанда дайын цифрлық өнімін ұсынуы керек. Әр студентке жеке білім беру бағыты беріледі.

Ал жасанды интеллект негізіндегі көмекшілер оның үлгерімін талдап, пәндер мен жобаларды таңдауға көмектеседі. Оқу бағдарламасына робототехника, автономды жүйелер, Quantum AI, ядролық технологиялар және энергетика саласындағы жоғары өнімді есептеулер кіреді. QAIRU халықаралық университеттер және технологиялық компаниялармен серіктестік орнатып, бірлескен ғылыми жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Білім ордасында сабақтар қазақ және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.  

Серік Өмірбаев, QAIRU бірінші проректоры:

- Біздің университеттің ерекшелігі- мамандарды тек қана ЖИ бойынша дайындамау, оларды жалпы басқа өнеркәсіптерде, экономика салаларында, мемлекеттік бағытта ЖИ қалай қолданып, сонымен қалай өзі жоспарлайтын кадрларды дайындаймыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz