RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Отандық ғалымдар бал мен зімбірден жаңа сусын әзірледі

14.09.2026, 12:05 52

Қазақстандық ғалымдар бал мен зімбірден алкогольсіз сусын дайындаудың жаңа технологиясын әзірледі. Жоба отандық омарташылық өнімдерін терең өңдеп, қосылған құны жоғары өнім шығаруға бағытталған. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

Технологияны Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының құрамындағы Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтының мамандары әзірлеген.

Ғалымдар зерттеу барысында сусынның 40 түрлі құрамын жасап, сынақтан өткізген. Дәмі, иісі, өндірістік және экономикалық тиімділігі ескеріліп, соның ішінен ең қолайлы төрт нұсқа таңдалған.

Зерттеу нәтижесінде дайын сусындардың құрамында антиоксиданттардың мол екені анықталған. Мамандар өндірістің әр кезеңінде бал мен зімбірдің пайдалы қасиеттерін барынша сақтауға басымдық берген.
Жобаның ерекшелігі – екі табиғи өнімнің бір сусын құрамында үйлестірілуі. Ғалымдар осыған байланысты бал мен зімбірдің қасиеттерін сақтайтын өңдеу тәсілін әзірлеген.

Жаңа технология отандық балды өңдеудің жаңа бағытын дамытуға мүмкіндік береді. Қазақстанда бал өндіру көлемі жоғары болғанымен, оны дайын сусын өндірісінде пайдалану әзірге кең таралмаған.
Технологияға Қазақстанда пайдалы модельге патент алынған. Сондай-ақ алкогольсіз және құрамында спирті аз сусындарды өндірістік жолмен дайындауға арналған әдістемелік ұсынымдар әзірленді.

Қазір технологияны тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарына енгізуге болады. Министрлік бұл бағыт бал өнімдерін терең өңдеуге және отандық пайдалы сусындардың түрін көбейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz