RU
Толық нұсқаға өту

Балабақша мен мектепте балаларға қауіпсіздік ережелері түсіндіріледі

30.09.2026, 15:09 43

Осы орайда балабақша, мектеп, колледждердің білім бағдарламасына қауіпсіздік сабағы қосылды.

Мектепке дейінгі жастағы балаға бейтаныс адамдармен қауіпсіз қарым-қатынас әдебі түсіндірілсе, бастауыш сыныптарда жеке шекара, интернеттегі қауіпсіздік пен төтенше жағдайдағы жедел әрекеттер үйретіледі. Жасөспірімдер үшін буллинг, кибербуллинг, интернет-алаяқтық, дербес деректерді қорғау, жалған ақпарат, жасанды интеллект тақырыптары енгізілген. Ал жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттеріне «оңай ақша» схемалары, қаржылық және еңбек алаяқтығы түсіндірілмек. Сол сияқты сабақта қауіпті онлайн-таныстық, груминг пен сталкинг, манипуляция, сондай-ақ заңға қайшы әрекеттерге тартылу қаупі қарастырылады. Бағдарламаны Оқу-ағарту министрлігі ЮНИСЕФ пен бейінді мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірлеген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz