RU
Толық нұсқаға өту
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстанда XIX Президенттік олимпиаданың бірінші кезеңі басталды

02.10.2026, 15:37 49

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша өтетін зияткерлік додаға биыл еліміздің әр өңірінен 3 626 оқушы қатысып жатыр, деп хабарлайды «24KZ».

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, олимпиаданың алғашқы кезеңінде лицей, гимназия және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің 11-12 сынып оқушылары бақ сынауда. Байқауға республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға бұған дейін қатыспаған оқушылар қатысады.

Қатысушылар математика, физика, химия және биология пәндерінен тапсырма орындайды.

Президенттік олимпиада үш кезеңнен тұрады. Алғашқысы – өңірлік, одан кейін іріктеу және республикалық кезеңдер өтеді.

Өңірлік кезеңнің қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар келесі кезеңге жолдама алады. Облыстардан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ «НЗМ» ДББҰ-дан іріктеу кезеңіне 20 оқушыға дейін қатыса алады. Ал республикалық білім беру ұйымдарынан 8 оқушыға дейін жолдама беріледі.

Президенттік олимпиаданың негізгі мақсаты – жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша дарынды оқушыларды анықтап, олардың білімін әрі қарай дамытуға мүмкіндік беру.

 

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz