Соңғы жеті жылда елімізде жоғары білім беру саласына баса мән беріліп, мемлекеттік қолдау тетігі айтарлықтай кеңейді.
Осы аралықта 655 мыңнан астам білім гранты бөлініп, оған ел қазынасынан бір жарым триллион теңгеге жуық қаражат құйылды. Оның 535 мыңы бакалавриатқа, 102 мыңы магистратураға және 18 мыңы докторантураға бағытталған. Осылайша жүздеген мың жас жоғары білім алу мүмкіндігіне ие болып, еңбек нарығы сапалы мамандармен толыға түсті. Бұған қоса студенттердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға да ден қойылып, шәкіртақы көлемі 2 жарым пайызға ұлғайды. Мәселен, базалық шәкіртақы 52 мың теңгеге жетсе, педагогикалық мамандықта білім алушылардыкі 84 мың теңгеге артып, магистранттардыкі 117 мың теңгені, ал докторанттардыкі 262 мың теңгеге теңесті. Бұл ретте баспана мәселесі де назардан тыс қалмады. Соңғы 7 жыл ішінде 66 мыңнан астам орынға шақталған 270-ке жуық студенттік жатақхана қолданысқа беріліп, нәтижесінде орын тапшылығы 82 мыңнан 5 мың 200-ге дейін қысқарған.
Тегтер #білім гранты #24KZ #Жоғары білім #мемлекеттік қолдау #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz