RU
Толық нұсқаға өту

«Әділет» партиясы 250 мектепттің мұғалімдермен кездесу өткізді

06.10.2026, 19:20 243

Елдегі 250 мектепте еңбек ететін 25 мыңға жуық ұстаз «Ұстаз айтса» деп аталатын республикалық диалог алаңында бас қосты. 

Осылайша, мұғалімдер «Әділет» партиясына білім сапасын арттыруға қатысты өз ұсыныстарын жеткізді. Шараға Құрылтай депутаттары, партия өкілдерімен қатар ұстаздар қатысты. «Әділет» партиясы Төрағасының орынбасары Ержан Жылқыбаевтың айтуынша, партия педагог мәртебесін арттыруға және олардың кәсіби құқықтарын қорғауға бағытталған шараларды жалғастырады. Сонымен қатар партия бағдарламасында 2031 жылға қарай өндірістік ортада білім алатын студенттердің үлесін кемінде 45 пайызға жеткізу міндеті белгіленген. Ал шара барысында педагогтерден түскен ұсыныс назарға алынды. 

Нұрбек Ерікұлы, география пәнінің мұғалімі:

- Азаматтық қоғам әртүрлі белсенді азаматтардан қалыптасады. Яғни өз үлесімді қосу мақсатында осындай бірнеше жоба жасадық. Мен тәрбиелеп жатқан шәкірттерім қандай азамат болады? Олардың барлығы адал, заң мен тәртіпке бағынатын, өз елі үшін еңбек ететін азамат болса екен деймін.

Ержан Жылқыбаев, «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары:

- Біз 230 аудандағы 250-ден астам мектепте 25 мыңға жуық мұғалімнің қатысуымен осындай диалог алаңын құрдық. Ұстаздардың көкейінде жүрген мәселелері мен ұсыныстарын тыңдап, оларды әрі қарай шешу жолдарын қарастыру мақсатында осы диалог алаңын ұйымдастырдық.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz