Қазақстанда ауыл мектептерінің оқушылары арасында республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтіп жатыр. 7-9 қазан аралығына жоспарланған зияткерлік сайысқа 70 мыңнан астам 9-11 (12)-сынып оқушысы қатысуда. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».
Биыл олимпиаданың алғашқы кезеңіне 135 мың оқушы тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 10 мыңға көп.
Олимпиада 13 жалпы білім беретін пәнді қамтиды. Оның алтауы жаратылыстану-математикалық, жетеуі қоғамдық-гуманитарлық бағытқа жатады. Байқау жалпы төрт кезеңнен тұрады.
Аудандық кезеңнің жеңімпаздары 26-31 қазан аралығында өтетін облыстық кезеңге жолдама алады.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, олимпиаданың негізгі мақсаты – ауыл мектептеріндегі дарынды оқушыларды анықтап, олардың қабілетін дамытуға мүмкіндік беру.
Олимпиада өткізіле бастағалы бері ауыл оқушыларының республикалық олимпиадалар мен байқауларға қатысу көрсеткіші 10 есеге артқан.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #Олимпиада #ҚР Оқуағарту министрлігіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz