RU
Толық нұсқаға өту

2,2 млн бала үйірмелер мен секцияларға тегін қатысты

09.10.2026, 13:13 40

Қазақстандағы 2 млн 200 мыңнан астам бала тегін үйірмелер мен секцияларға қатысты, деп хабарлайды 24KZ.

Жас ұрпақтың жан-жақты дамуына арналған мемлекеттік бағдарлама бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылады. Атап айтсақ, елдегі 2 мың 896 үйірмеге 3,5 млн бала қатысады. Оның 90% - мектеп оқушылары. 2 млн-нан астамы қосымша білім беру сабақтарына тегін қатысқан. Әр балаға тең мүмкіндік берілуі үшін 2025 жылдан бері еліміздің бірқатар қаласында қосымша білім беру саласына бірыңғай ваучерлік жүйе енгізіле бастады.

Бүгінде бұл жүйе Астана, Шымкент шаһарларынан бөлек Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда облыстарында істеп тұр. Нәтижесінде 600 мың бала ваучер алып, қарым-қабілетін дамытуға арналған түрлі үйірме-секцияларға қатысуға мүмкіндік алды. 2029 жылға дейінгі ұлттық стратегияға сәйкес биыл балалардың 95 пайызын, ал келесі жылы 100 пайызын толықтай қосымша біліммен қамту жоспарланған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz