Білім беру жүйесіне түскен жүктемені азайту мақсатында соңғы 7 жылда инфрақұрылым айтарлықтай жаңартылды.
Елде 4 млн-нан астам бала оқитын 8 мыңнан астам мектеп болса, оның 5 мыңы - ауылдағы білім ошақтары. 2019 жылдан бері елімізде 1 млн 100-мың балаға шақталған 1300-ден астам жаңа мектеп салынған. Оның ішінде 460 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы 217 «Келешек мектебі» бар. Оның 84-і ауылдық жерлерде бой көтерді. Осылайша, үш ауысыммен оқытатын 54 мектептің мәселесі шешімін тапқан. Апатты жағдайдағы 14 мектеп алмастырылды, 100-ден астам білім ошағының орын тапшылығына қатысты түйткілі шешілді.
ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛГЕН ЖАҢА МЕКТЕПТЕР
(2019-2026 жж)
1301 мектеп – 1,1 млн оқушы
«Келешек Мектептері»: 217 мектеп – 460 мың оқушы
МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛГЕН МЕКТЕПТЕР
Үш ауысымдық мектеп- 54
Апатты мектеп – 14
Орын тапшылығы – 100-ден астам
Тегтер #мектеп #Келешек мектебі #24KZ #жүктемеPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz