Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесіне жасанды интеллект технологиялары мен адаптивті тестілеуді енгізу жоспарланып отыр. Жаңа форматтағы емтихан 2027 жылдың көктемінде пилоттық режимде сынақтан өткізіледі, деп хабарлайды «24KZ».
Бұл өзгерістер болашақ студенттердің тек пәндік білімін ғана емес, сонымен қатар сыни ойлау қабілетін, зерттеу дағдылары мен цифрлық сауаттылығын бағалауға бағытталған. Айта кетейік, жаңа форматты Ұлттық тестілеу орталығы халықаралық ETS ұйымымен бірлесіп әзірлеуде. Әзірге ҰБТ барысында жасанды интеллектіні қолданудың нақты тетіктері жарияланған жоқ.
Жасанды интеллект білім беру процесін ғана емес, оқу нәтижелеріне қойылатын талаптарды да өзгертіп жатыр. Бүгінде адамның қаншалықты ақпарат меңгергенін ғана емес, оның талдау жасау, алған білімін тәжірибеде қолдану және заманауи технологиялармен жұмыс істеу қабілетін бағалау маңызды. Жоғары білім беру жүйесі, оның ішінде білімді бағалау құралдарын жетілдіру жұмыстары да осы бағытта дамып келеді, - деп атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілі Гүл Жүсіпова.
Конференция барысында экономиканың цифрлануы мен білім беру саласын жаңғырту мәселелері де талқыланды. «1С Қазақстан» компаниясының директоры Дмитрий Годун білім беру бағдарламалары нарық талаптарына сай болуы тиігін атап өтіп, компанияның оқу орындарымен бірлесіп маман даярлауға атсалысып жатқанын жеткізді.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #жасанды интеллект #ҰБТБүгінде технологиялар дәстүрлі білім беру бағдарламаларына қарағанда әлдеқайда жылдам өзгеріп жатыр. Сондықтан студенттердің оқу кезінде-ақ заманауи цифрлық құралдармен жұмыс істеп, бизнестің нақты міндеттерін шешуге мүмкіндік алуы маңызды. Жасанды интеллект пен автоматтандыру кәсіби ортаның ажырамас бөлігіне айналып келеді. Біздің міндетіміз – білім беру ұйымдарына осы технологияларды тиімді пайдалана алатын мамандар даярлауға көмектесу, – деді Дмитрий Годун.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz