Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы 3 мыңнан астам түлек шығарды.
Оқу ордасының 25 жылдығына арналған салтанатты шарада Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осылай деді. Жақында университетке жаңа ғимарат беріледі. Онда магистратура-аспирантура бағыттары бойынша жұмыстар атқарылады. Әсіресе математикалық модельдеу, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларға басымдық беріледі. Жиында оқу ордасының үздік мамандары марапатталды.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
- 25 жыл өтіп шықты, 25 жылда Қазақстанның толыққанды ажырамас бір бөлігіне айналды. 25 жыл ішінде Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалы Қазақстанның жоғары білімінің толыққанды мақтанышына айналды. 25 жылдың ішінде 3 мыңнан астам түлектер дайындалды, Қазақстанның керекті экономиканың салаларына, математика, статистика, қаржы салалары.
Александр Сидорович, М.В. Ломоносов атындағы ММУ қазақстандық филиалының директоры:
- Соңғы екі жылда университетке түсуге өтініш бергендер саны алдыңғы жылдармен салыстырғанда бірнеше есе артты. Бұл оқу ордамызға деген сенімнің артқанын көрсетеді. Оқу оңай емес, бірақ біз нақты нәтиже көрсетіп келеміз. Кейбір мамандық бойынша конкурсқа бір орынға төрт-бес, тіпті одан да көп талапкер қатысады. Әрине оқу талаптарын бәрі бірдей орындай алмауы мүмкін. Ең бастысы - барлығының тең жағдайда, белгіленген ережелер бойынша оқуға түсуі.
Тегтер #ММУ #Қазақстан #филиал #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz