RU
Толық нұсқаға өту

Жолдау бағдары: білімді ұлт, озық ғылым

02.11.2026, 23:00 44

Білім мен ғылым - Қазақстанның технологиялық болашағының негізі.

Жолдауда белгіленген басымдықтар елді дамытуға кешенді көзқарас қажет екенін көрсетеді. Бұл ретте жоғары білім беру сапасын арттыру, ғылыми зерттеулерді дамыту, жастардың бастамаларын қолдау және университеттердің экономиканың нақты міндеттерін шешуге қатысуын кеңейту маңызды. Жаңа кезеңде білім мен ғылымды экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күшіне айналдыру, азаматтардың кәсіби дамуына және өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруына жағдай жасау көзделеді. Жолдауда белгіленген басымдықтардың ғылыми орта үшін маңызына заң ғылымдарының докторы, профессор Жамаладен Ибрагимов те тоқталды.

Жамаладен Ибрагимов, заң ғылымдарының докторы, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры:

- Ғылыми қауымдастықтың жалпы жоғары оқу орнында істеп жатқан ғалым-оқытушылардың ролі өте зор. Біз болашақта ол ғылыми зерттеу жұмыстарының қоғамға, өмірге енгізілген кезінде біз жолдаудың басымдықтары іске кіріскенін білеміз. Өйткені бұл алға қойып отырған мақсаттар негізгі мемлекеттік экономиканың дамуына, қарапайым азаматтарға қолайлы жағдай жасауға және мемлекеттегі қоғамың тұтастығы мен бірлестігіне, келісіміне қызмет ете білу керек деп ойлаймын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz