RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда 58 оқушы уланған мектептің директоры қызметінен кетті

09.11.2026, 15:20 48

Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің директоры ауысты. Білім ордасын енді 2018-2023 жылдары басқарған Алмас Күнғожин қайта тізгіндеді. Ол – математика ғылымдарының докторы, әрі осы мектептің түлегі. Еске салайық, қазан айында мектептің 58 оқушысы асқазан-ішек инфекциясымен ауруханаға жеткізілген болатын. Тексеру нәтижесінде асханада санитарлық талаптардың бұзылғаны анықталды. Сонымен қатар асхана қызметкерлерінің төртеуінен стафилококк бактериясы табылған. Осы оқиғадан кейін мектептің бұрынғы директоры қызметінен босатылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz