Қазақстандық жоғары оқу орындарының халықаралық рейтингтердегі көрсеткіші жақсарды. Биыл QS әлемдік рейтингіне еліміздің 18 университеті, ал Times Higher Education (THE) рейтингіне 10 жоғары оқу орны енді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».
Министрдің айтуынша, соңғы бес жылда THE рейтингіндегі қазақстандық университеттер саны 3-тен 10-ға дейін өскен. Ал QS Asia рейтингінде Қазақстанның 51 жоғары оқу орны қамтылған. Оның ішінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Satbayev University және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті үздік 100 университеттің қатарына кірді.
Сонымен қатар Қазақстан жаһандық инновациялар индексінде де жоғары нәтиже көрсеткен. Ел соңғы он жылдағы үздік көрсеткішіне қол жеткізіп, 73-орынға тұрақтады. Орталық Азияда бірінші, Оңтүстік Азияда екінші орын иеленді.
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz