Шымкентте Мәдениет және өнер ұлттық университеті құрылады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Премьер-Министр Олжас Бектенов тиісті Үкімет қаулысына қол қойды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».
Жаңа жоғары оқу орны Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің мәдениет және өнер факультеті негізінде ашылады. Мұнда бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінде мамандар даярланады.
Білім беру бағдарламаларында кино және драматургия, режиссура, графика және мультимедиа, медиаменеджмент, операторлық өнер мен дыбыс режиссурасы бағыттарына басымдық беріледі.
Университетке ерекше мәртебе беріледі. Бұл заманауи білім беру бағдарламаларын енгізуге, халықаралық жобаларға қатысуға, сондай-ақ білім, ғылым, мәдениет және креативті индустриялар саласындағы ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #мәдениет #университет #үкімет #Шымкент #Мәдениет және өнер ұлттық университетіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz