RU
Толық нұсқаға өту

Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы университетке ұлттық мәртебе беріледі

19.11.2026, 14:17 11

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне ұлттық мәртебе беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

Мемлекет басшысы бұл туралы Астанада өткен Стратегиялық серіктестердің III халықаралық форумында айтты.

Халқымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне «Ұлттық» мәртебе беру туралы шешім қабылдадым, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Әуезов университеті – аймақтағы ең ірі жоғары оқу орны. Шаһардағы әрбір бесінші студент осы университетте оқиды. Ұлттық мәртебе білім ордасымен қатар, құзырлы министрлікке де зор жауапкершілік жүктейді. Сондықтан Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті сапалы білімнің, терең ғылымның ошағы, аймақтың зияткерлік орталығы болуға тиіс.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz