Қазақстан жоғары білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп, шетелдік студенттер үшін аймақтық білім беру орталығына айналуды мақсат етеді. Мемлекет басшысы бұл туралы Астанада өткен Стратегиялық серіктестердің III халықаралық форумында айтты, деп хабарлайды «24KZ».
Қазір елімізде 11 мемлекеттің жетекші университеттері өз филиалдарын ашқан. Бұл білім ордаларында 12 мыңнан астам студент білім алып, 1,5 мыңға жуық оқытушы жұмыс істейді. Мемлекет басшысы халықаралық білім беру байланыстарын нығайту елдің ғылыми және академиялық әлеуетін арттырудағы маңызды бағыт екенін атап өтті.
Жоғары білім беру жүйесіндегі халықаралық ықпалдастықты дамыту, ғылыми байланысты тереңдету – қазіргі заман талабы. Біз бұл мәселеге айрықша мән береміз. Қазақстанда осы саладағы халықаралық стратегиялық серіктестік туралы 40 келісім іске асырылып жатыр. Елімізде 11 мемлекеттің жетекші университеттері өз филиалдарын ашты. Осы білім ордаларында 12 мыңнан астам студент оқиды, сондай-ақ 1,5 мыңға жуық оқытушы жұмыс істеп жатыр. Олардың қатарында шетелден келген 600-ден астам профессор бар, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан осы аймақта алғашқы болып Еуропадағы Лиссабон және Азия-Тынық мұхиты аймағындағы Токио конвенцияларына қосылды.
Тегтер #Тоқаев #білім беру саласы #халықаралық ынтымақтастық #24жаңалықтар #24KZБұл – қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, бұрынғы Білім және ғылым министрі, елші Жансейіт Түймебаевтың арқасы. Соның нәтижесінде енді Қазақстан университеттерінің дипломдары Батыс және Шығыс елдерінде мойындалатын болды. Сонымен қатар қазір Қазақстанда білім алғысы келетін шетел жастарының саны да көбейіп жатыр. Былтыр елімізде басқа мемлекеттерден келген 31 мың студент оқып жатқанын айтқан едім. Қазір олардың саны 41 мыңға жетті. Соның ішінде 8 мыңнан астам студент Қазақстанның қаржылай қолдауымен білім алуда. Бұл – Тәуелсіздік жылдары ішіндегі ең жоғары көрсеткіш. 2029 жылға қарай 100 мың шетел студентін тарту ойымызда бар. «Қазақстанда білім ал!» деген ұлттық бастамамыз осы міндетті іске асыруда маңызды рөл атқарады деп сенемін, - деді Президент.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz