RU
Толық нұсқаға өту

Еліміздің басым бөлігінде күн жылы болады

17.03.2024, 07:00 1256

«Казгидрометтің» болжауынша, Қазақстанның басым аумағында жоғары атмосфералық қысымның әсерінен жауын-шашынсыз жылы ауа райы күтіледі. 

Тек еліміздің батыс аймағында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталуы мүмкін. Жаңбыр мен қар жауу ықтималдығы жоғары. Түнде еліміздің оңтүстік-шығыс өңірлерінде нөсерлі жаңбыр жауады деп болжанған. 

ҚР бойынша тұман шөгіп, жел күшеюі мүмкін. Батыста көктайғақ, шаңды бұрқасын болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz