RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде ыстықтың беті қайтпай тұр

29.06.2024, 15:47 1739

Елдің оңтүстік-шығысында аптап ыстықтың беті әлі қайтқан жоқ, деп хабарлайды 24kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша Абай мен Жетісу облыстарында ауа температурасы 37 градус, ал Түркістанда 45 градусқа дейін жетеді. Павлодар, Қостанай, Ақтөбе, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында күн бұлттанып, найзағай ойнауы мүмкін. Ал, Қызылордада дауыл соғады. Ақмола облысында желдің екпіні 28 метр/секунд болуы ықтимал. Елордада және Қарағанды, Маңғыстау, Жамбыл, Алматы облыстарында өрт қаупі кезеңі сақталады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz