RU
Толық нұсқаға өту

Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

30.06.2024, 11:22 1893

Елдің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды 24kz.

Шығыста және солтүстік аймақтарда жауын жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша жел күшейеді. «Қазгидромет» желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді деп болжайды. Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Алматы облыстарының таулы аудандарында да күн райы бұзылады. Мамандар аптап ыстық болатынын да хабарлайды. Кейбір аймақтарда термометр бағаны +38 градусқа дейін көтеріледі. Абай, Ұлытау, Павлодар, Жамбыл, Түркістан мен Қызылорда облыстарында өрт қаупі жоғары.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz