RU
Толық нұсқаға өту

Астанада екі көшенің аумағы уақытша жабылды

15.09.2024, 15:05 2201

Бүгін LRT конструкцияларын демонтаждау жұмыстарына байланысты Астанадағы екі көшенің аумағы жабылды, деп хабарлайды 24KZ.

Таңғы 6-дан кешкі 8-ге дейін Қабанбай батыр даңғылынан Мәңгілік ел даңғылына қарай Хусейн бен Талал көшесінде көлік қозғалысы шектелді. Сонымен қатар Қабанбай батыр даңғылынан Пригородный шағынауданына қарай Жаңадария көшесі жабық. Қалалық әкімдік тұрғындар мен қонақтарға сапарды алдын ала жоспарлап, балама көшелерді пайдалануға кеңес береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz