RU
Толық нұсқаға өту

Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын жапондық ұйым алды

11.10.2024, 20:55 1620

Бейбітшілік саласы бойынша биылғы Нобель сыйлығының иегері белгілі болды, деп хабарлайды 24kz.

Оны жапондық «Нихон Хиданкё» үкіметтік емес ұйымы алды. Бірлестік қоғамға ядролық қарудың қаупі мен оны қолдану салдары туралы ақпарат таратқаны үшін марапатталып отыр. Былтыр бұл сыйлықты әйелдердің құқығын қорғаумен айналысатын ирандық құқық қорғаушы Наргиз Мохаммади алған еді. Осы аптада бейбітшіліктен бөлек, физика, химия, медицина және әдебиет бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz