Кейінгі уақытта ғаламдық жылыну, климаттың өзгеруі салдарынан тау мұздықтары қарқынды еріп жатыр.
«Енді миллиондаған адамды тұщы сумен қамтамасыз ету қиынға түседі», дейді ғалымдар.
Температураның жоғарылауы таулы өңірде тұратын адамдардың өміріне де қауіпті. Мұздықтар ерісе, су тасқыны болуы мүмкін. Осы мақсатта ЮНЕСКО Орталық Азия елдерін қамтитын маңызды жобаларды қолға алды. Себебі мұздықтар ауыл шаруашылығы мен тұтас экожүйе үшін өте маңызды. «Сондықтан қазір барымызды сақтап, климаттың өзгеруіне бейімделу керек» - дейді халықаралық ұйым өкілдері. Ал халықтың қауіпсіздігі бірінші орында болуы тиіс.
Диана Арипханова, GLOFCA жобасының менеджері:
- Қазақстандағы мұндай пилоттық аймақтар – Есік, Талғар аудандары. Жақында біз халықты осындай жағдайда қалай әрекет ету керектігі туралы ақпараттандыру мақсатында тренингтер өткіздік. Жобаның маңызды бағыттарының бірі - осындай табиғи апаттардың алдын алу және қауіп-қатерді азайту бойынша оқыту. Тұрғындар бұл жобаға үлкен қызығушылық танытып, бұл жобаны әрі қарай зерттеп, олардың хабардарлығын арттыруға келісті.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz