RU
Толық нұсқаға өту

Үш облыста көлік қозғалысы шектелді

15.12.2024, 17:09 1476

Ауа райының құбылуына байланысты үш облыстың тас жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Түркістан облысында "Алматы-Ташкент-Термез" бағытындағы жол учаскесі уақытша жабылды, деп хабарлады «Қазавтожол». Сонымен қатар Жамбыл облысында Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін ауыр жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынды. Алматы облысында республикалық маңызы бар жолдың Алма-Тау туристік базасына дейінгі учаскесі ауыр жүк көлігі мен автобустар үшін жабық.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz