RU
Толық нұсқаға өту

Астана - Щучинск тас жолы жабылды

20.01.2025, 17:20 1327

Астанадан Щучинскіге шығатын жол жабылды.

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" хабарлады. Бүгін сағат 17:00 ден бастап осы республикалық маңызы бар тас жолда көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды. Себебі қар жауып, жел күшейіп, күн райы нашарлап тұр. Көктайғақ та қауіп тудыруда. Сонымен бірге Астана-Петропавл бағытындағы республикалық маңызы бар жол да ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылды. Төтенше жағдайлар қызметі жолға шықпас ұрын дауылды ескертулерге мән беруге шақырады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz