RU
Толық нұсқаға өту

Қарағанды – Балқаш тас жолы жабылды. LIVE

21.01.2025, 17:10 1463

Қарағанды облысында ақ түтек боран кесірінен бірқатар республикалық жол жабық. Соның ішінде Қарағанды-Балқаш тас жолында барлық көлік түрлерінің қозғалысына тыйым салынған.

Руслан Нұрланұлы, тілші:

- Мен қазір Балқаш қаласының маңындағы бекетте тұрмын. Мұнда 350 көлік жолдың ашылуын күтіп тұр. Соның 275-і – жеңіл көліктер. Сондай-ақ 5 автобус бар. Оларда барлығы 117 жолаушы болған. 8-і – балалар. Жол кеше кешкілік жабылған. Қашан ашылатыны белгісіз.

Марат Тұтқышов, Балқаш қаласы ТЖБ бас маманы:

- Жолаушылар үшін палаталар тігіліп, жылыту пункттері ұйымдастырылған және волонтерлер де келіп, көмек беріп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz