Еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларды жою бойынша мамандарды дайындайтын республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.
«Көктем-2025» аталатын дайындық шарасы екі күнге жалғасады. Оқуды үйлестіру мен жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Атырауда орналасады. Сондай-ақ «Баршаның назарына» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің даярлығы тексеріледі. Төтенше жағдайлар министрлігі дабыл дыбысын естігенде тұрғындардан тыныштық сақтап, үрейге бой алдырмауын сұрайды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz