RU
Толық нұсқаға өту

Жеті өңірде көлік қозғалысы шектелді

10.03.2025, 13:10 634

Ақтүтек боранға байланысты республикалық маңызы бар 18 трассада көлік қозғалысы шектелді.

Оның тең жартысы Ақмола облысында болса, қалғаны Абай, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Ұлытау және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы жолдар. Шектеу қойылған учаскелердің жалпы ұзындығы 2 мың шақырымнан асады. Мамандардың мәліметінше, қазір тиісті жұмыстарға 600-ге жуық техника мен мыңға жуық адам жұмылдырылған. Бұл автожолдарда әзірге көлік кептелісі байқалмайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz