RU
Толық нұсқаға өту

22 наурызға арналған ауа райы болжамы

22.03.2025, 08:00 1185

22 наурызда Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, күндіз найзағай күтіледі.

Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

22 наурызда Қостанай облысында күндіз облыстың солтүстігінде аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

22 наурызда күндіз Түркістан облысының тау асуларында оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, күші 15-20 м/с.

22 наурызда түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с.

22 наурызда Алматы облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с. Қонаев қ.: 22 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 17-22 м/с.

22 наурызда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 25 м/с. Петропавл қ.: күндіз 22 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с.

22 наурызда түнде және таңертең Қарағанды облысының оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Астана қ.: 22 наурызда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман.

22 наурызда түнде Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын, облыстың шығысында, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, түнде екпіні 25 м/с. Семей қ.: 22 наурызда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-18 м/с.

22 наурызда түнде Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, түнде екпіні 23 м/с. Өскемен қ.: 22 наурызда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-18 м/с. 

22 наурызда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 22 наурызда кей уақытта тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

22 наурызда Ақмола облысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман.

22 наурызда түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. 

22 наурызда Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с.

22 наурызда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Орал қ.: 22 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz