«Қазгидромет» РМК деректері бойынша еліміздің басым бөлігінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, тұман, желдің екпіні, жоғары температуралық фон және шаңды дауыл сияқты қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстар күтіліп отыр.
Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзені бойында су деңгейі қауіпті межеге жақындады. Сергеев су қоймасы арқылы су төгілуі жалғасып жатыр, елді мекендер мен жолдарды су басу қаупі бар.
Алматы, Жетісу, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен тағы басқа өңірлерде күндізгі температура 33–38°С-қа дейін көтеріліп, жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан, Ақтөбе, Ақмола облыстарында және Қызылорда облысының орталығында найзағай, шаңды дауыл, бұршақ пен жел екпіні 20 м/с дейін күтіледі.
Астана, Шымкент, Тараз, Қонаев, Ақтау, Петропавл, Семей және басқа қалаларда да жоғары өрт қаупі сақталады.
Тегтер #жаңбыр #дауыл #бұршақ #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz