RU
Толық нұсқаға өту

Астанада қоғамдық көліктердің жүру бағыты уақытша өзгерді

07.05.2025, 09:15 577

Бүгін Астанада кейбір көшелер уақытша жабылды. А-334-Ақжол даңғылы-Қошқарбаев даңғылы-Аманжолов көшесімен жеке құрам жүріп өтеді. Түскі 1-ге дейін Панфилов және Нұрмағанбетов көшелері ауыр жүк тралдарына арналған тұрақ болады. Тәуелсіздік даңғылы Момышұлы даңғылынан Панфилов көшесіне дейін жабылды. Сондай-ақ техникалар уақытша орналастырылған Ақыртас, Қалдаяқов көшелерінде және Қошқарбаев даңғылында көлік қозғалысы шектелді. Өз кезегінде қоғамдық көліктердің жүру бағыты өзгерді.

Қала әкімдігінің ресми сайтында 30-ға жуық маршруттың жаңа сызбасы көрсетілген. Мамандар тұрғындардан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды, сондай-ақ тәртіп сақшыларының нұсқауын сақтауды сұрап отыр. Әскери парад аяқталған соң көлік қозғалысы қалыпты режимге көшіріледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz