RU
Толық нұсқаға өту

Дубай шоколадынан зиянды қоспалар табылды

11.05.2025, 09:14 527

«Дубай шоколадының көшірме үлгілері ағзаға зиян». Германиялық ғалымдар танымал десертке қатысты талдау жүргізіп, осындай тұжырым жасады, деп хабарлайды 24kz.

Себебі құрамында зиянды заттардың бірнеше түрі анықталған. Осыдан кейін тәттіні Еуроодаққа тасымалдау тәртібі қатаңдатылды. Тек түпнұсқасын шекарадан өткізуге рұқсат берілген.

Рауан Мыңбай, тілші:

- Дубайлық кондитер Сара Хамуда ойлап тапқан шоколад әлемде әлі аса танымал. Әмірліктен оны арнайы тапсырыс беріп алатындар көп. Дегенмен, атауы бір болғанымен, құрамы өзгеше шоколадқа тап болатындар да аз емес. Осы күні тәттіден ағзаға зиян заттар анықталып отыр. Кей саудагерлердің жасырын маркетингтік қадамынан туристер зардап шеккен. «Мұндағы сауда сөрелеріне қойылған десерттің бірде-бірі түпнұсқа емес», - дейді мамандар.

Цитата

Штутгарт химиялық зерттеулер басқармасы:

- Біріккен Араб Әмірліктері мен Түркиядан алып келген 8 шоколадқа тексеріс жүргізілді. Соның алтауында өсімдік және пальма майы өндірісінде қолданылатын химиялық қоспалар табылды. Әсіресе, Әмірліктен жеткізілген өнімдерде шамадан тыс мөлшері анықталды. Оған қоса, глицидил эфирі де бар болып шықты.

Осыдан кейін Германия тарапы тәтті десерттің шекара асуына біршама шектеу енгізді. Жалған тауар белгісін қолдануға мүлде тыйым салынды. Түпнұсқаны тек белгілі бір мөлшерде тасымалдауға рұқсат.  Жалпы Дубайда кондитерлік өнімге сұраныс аса жоғары емес. Тұрғындар арасында дәмін татып көрмегендер де бар.

Блиц 1:

- Жақында балаларым үшін біреуін тапсырыспен алдыртып көрдім. Көңілімізден шықты. Бір қызығы, оны кез келген жерден қалаған уақытыңда сатып ала алмайсың. Солай болғаны жөн. Себебі тәттіні көп тұтынудың ағзаға зиян жағы тағы бар.

Блиц 2:

- Шынымды айтсам, дәмін татудың әлі реті келмей жүр. Бәлкім бұл менің тәттіге аса құмар еместігімнен болар. Сырт елден таныстарым жиі сұрап жатады. Мен оларға аса қызықпайтынымды айтып ақталамын. Бір жағынан шоколадтың бағасы анау айтарлық қолжетімді емес.

Кондитерлік тауар жыл 12 ай адам аяғы арылмайтын туристік шаһарға оң имидж де қалыптастырып отыр. Түпнұсқа өнімнің бағасы қалтаға біраз салмақ түсіретініне қарамастан, саяхатшылар бірнеше данасын базарлық ретінде алып қайтады.

Авторы: Рауан Мыңбай

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz