RU
Толық нұсқаға өту

«Шу – Бурылбайтал» автожолы ақылы жүйеге ауысты

13.05.2025, 15:20 740

«Шу-Бурылбайтал» автожолы бүгіннен бастап ақылы. 176 шақырымға созылатын республикалық жол учаскесінен ақы алынатындығы туралы хабарламаны «ҚазАвтоЖол» компаниясы таратты.

Көлік министрлігінің тиісті бұйрығы шығып, күшіне енген. Төлемді кейін немесе алдын ала төлеуге болады. Ыңғайлылық үшін онлайн төлем қарастырылған. Бұл ретте жүргізушілер балама тегін жолмен жүруіне болатындығын да айта кетейік. Ақысыз жол  «Шу – Қайнар – Кенен – Қарабастау – Қаншеңгел – Ақсүйек – Бурылбайтал» бағытымен өтеді. Бұл учаскеде жеңіл көліктер үшін төлем алынбайды. Ал автобустар мен жүк көліктері айлық немесе жылдық абонемент алуға тиіс. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz