Қазақстан азаматтары Өзбекстанға жеке бас куәлігімен баруы мүмкін.
Көрші ел Қазақстан, Ресей және Әзербайжан азаматтарын шекарадан куәлікпен өткізу тәртібін қарастырып жатыр. Аталған жоба елге баратын турист санын көбейту мақсатында қолға алынған. Тиісті жарлыққа Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қол қойды. Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі үш ай ішінде Қазақстан, Ресей және Әзербайжан мемлекеттерімен келіссөз бастауы тиіс. Айта кетсек, қазіргі уақытта Қырғызстан азаматтары ғана Өзбекстанға жеке куәлікпен кіре алады. Екі ел арасында шекарадан ішкі құжатпен өту тәртібі 2023 жылы жүзеге асқан. Сонымен қатар Өзбекстан 1 маусымнан бастап Бахрейн, Кувейт және Оман азаматтары үшін 30 күндік визасыз режим енгізбек.
Тегтер #Қазақстан #Өзбекстан #жеке куәлік #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz