27 шілдеде күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі.
Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Қонаев қ.: 27 шілдеде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
27 шілдеде Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 27 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 27 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
27 шілдеде Қызылорда облысының батысында түнде найзағай, күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 27 шілдеде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз екпіні 17 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
27 шілдеде түнде Ақтөбе облысының шығысында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
27 шілдеде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі күтіледі.
Қарағанды қ.: 27 шілдеде найзағай күтіледі. Күндіз шаңды дауыл. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
27 шілдеде күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, күндіз дауыл, шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 27 шілдеде найзағай күтіледі. Күндіз шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23 м/с.
27 шілдеде күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыс бойынша найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетау қ.: 27 шілдеде күндіз қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Найзағай күтіледі.
27 шілдеде күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қ.: 27 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
27 шілдеде түнде Абай облысының солтүстігінде найзайғай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қ.: 27 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
27 шілдеде түнде Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақытта 23-28 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар қ.: 27 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Астана қ.: 27 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыстан ауысады, күндіз кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
27 шілдеде түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Петропавл қ.: 27 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.
27 шілдеде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 27 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
27 шілдеде күндіз Атырау облысының батысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Атырау қ.: 27 шілдеде жоғары өрт қаупі күтіледі.
27 шілдеде таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қ.: 27 шілдеде таңертең және күндіз найзағай күтіледі.
27 шілдеде Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
27 шілдеде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 27 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
27 шілдеде Жетісу облысында батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Талдықорған қ.: 27 шілдеде батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Конаев қ.: 26-27 шілдеде күндіз 40-42 градус өте қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Талдықорған қ.: 26-27 шілдеде күндіз 40-42 градус өте қатты ыстық күтіледі. 26-27 шілдеде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Қазгидромет
Тегтер #шілде #ауа райы болжамы #ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz