Биыл әлемге әйгілі Гиннестің рекордтар кітабына 70 жыл толды, деп хабарлайды 24kz.
Ол 1955 жылы «Гиннесс» деп аталатын ирландтық сыра қайнатушы компанияның тапсырысы бойынша жарық көрген. Бүгінде тек жинақ емес, телебағдарлама, мұражайлар мен түрлі шараларды қамтитын үлкен брендке айналды. Онда әлемнің түкпір-түкпіріндегі елең еткізіп, таң қалдырар нәтижелер тіркеледі. Мысалы, әйгілі кітапқа Астанадағы Хан Шатыр ойын-сауық орталығы – әлемдегі ең биік шатырлы ғимарат ретінде енген. Оның биіктігі – 150 метр. Жалпы елімізде бұл кітапқа енген рекордтар саны жүзге жуықтайды.
Тегтер #Гиннесс кітабы #Қазақстан #жетістіктер
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz