Оралдың автомобиль жолдарындағы 400-дей бейнебақылау камерасы жыл соңына дейін жасанды интеллект жүйесіне қосылмақ.
Сонда жол ережесін бұзу оқиғалары автоматты түрде анықталады. Жасанды зерде бұрын көлік басқару құқынан айрылса да қайтадан рульде отырған тұлғаларды танып, тиісті мәліметті жедел басқару орталығына жібереді. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасында өткен үйлестіру кеңесінде айтылды. Кеңесте жол қауіпсіздігінің негізгі проблемалары талқыланып, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың жұмысындағы кемшіліктер көрсетілді. Жыл басынан бері өңірде жол-көлік оқиғалары 10 процентке өссе, зардап шеккендар саны 15 пайызға артқан. Барлық әкімшілік құқық бұзушылық фактілерінің 75 пайызы жол бойында тіркелген.
Қайрат Күликешов, БҚО прокуратурасы қоғамдық мүддені қорғау басқармасының басшысы:
- Бізде қазір бір бейнекамера тестілеу режимінде жасанды интеллектпен жұмыс жасап жатыр. Сынақ сәтті өтсе, жыл соңына дейін қаладағы 400 камераны жасанды зердеге қосамыз. Оған көп қаражат кетпейді деп ойлаймын. Себебі бақылау құралдары бұрыннан бар. Тек сервер мен бағдарламалық қамтуды ғана орнатамыз. Бұған дейін мектептерге «Стоп Буллинг» бағдарламасын орнатқан ай-ти компания осы іспен қазір айналысып жатыр.
Тегтер #Орал #бейнебақылау #24KZ #жасанды интеллектPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz