RU
Толық нұсқаға өту

24 қарашаға арналған ауа райы болжамы

23.11.2025, 23:08 563

24 қарашада түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында тұман күтіледі. Ақтау қ.: 24 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

24 қарашада түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Атырау қ.: 24 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

24 қарашада Ақмола облысында жауын-шашын, түнде облыстың шығысында, орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с. Көкшетау қ.: 24 қарашада түнде және таңертең көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с.

24-26 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.

24 қарашада түнде Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, түнде қөқтайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с. Петропавл қ.: 24 қарашада түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), қөқтайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Тұман. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с.

24 қарашада түнде және таңертең Алматы облысының орталығында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

24 қарашада түнде Шығыс Қазақстан облысының аздаған қар күтіледі, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Өскемен қ.: 24 қарашада күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

24 қарашада түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жауын-шашын, облыстың шығысында, орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Семей қ.: 24 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

24 қарашада Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде кей уақытта 23 м/с. Павлодар қ.: 24 қарашада күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

23 қарашада таңертең және күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 23 қарашада күндіз көктайғақ күтіледі.

24 қарашада түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі

24 қарашада Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қ.: 24 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі.

24 қарашада Батыс Қазақстан облысында тұман күтіледі. Орал қ.: 24 қарашада тұман күтіледі.

Астана қ: 24 қарашада көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

24 қарашада түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Қостанай қ.: 24 қарашада түнде көктайғақ күтіледі.

24 қарашада Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 24 қарашада таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

24 қарашада түнде және таңертен Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 17-22 м/с. Талдықорған қ.: 24 қарашада түнде және таңертен тұман күтіледі.

24 қарашада Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман күтіледі. Қызылорда қ: 24 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі.

24-25 қарашада Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, 25 қарашада күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 24-25 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz