Бүгіннен бастап көліктер қысқы шинамен жүруге міндетті. Қысқы шина көлік құралының барлық доңғалақтарына орнатылуы керек, ал протектор биіктігі 4 мм-ден кем болмауға тиіс. Бұл көліктің тежеуін орнықты етеді әрі тайғанамайды.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 5-бөлігіне сәйкес 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін автокөлік қысқы доңғалақтармен жүреді. Талап орындалмаса, 5 АЕК айыппұл қарастырылған, бұл 19 660 теңге. Ескертуді елемеген жағдайда айыппұл 20 АЕК көлемінде қарастырылған, яғни 78 640 теңге.
Тегтер #көліктер #қысқы дөңгелек #шина #24KZ #Таңдаулы #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz