RU
Толық нұсқаға өту

Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

06.12.2025, 23:49 740

Екі облыстағы автожол учаскелерінде ауа райының нашарлауына байланысты қозғалысты шектеу енгізілді.

— 2025 жылғы 6 желтоқсан сағат 22:00-де ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады, — делінген хабарламада.

Ақтөбе облысы:

РФ шекарасы (Жайсаң ө\п) -Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы (Нұр Жолы ө/п) автожолының 965-1240 шақырым аралығындағы учаскесі (Қарабұтақ ауылы — Қызылорда облысы шекарасы).

Қызылорда облысы:

РФ шекарасы (Жайсаң ө\п) -Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шек. (Нұр Жолы ө/п) автожолының 1240-1360 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысы шекарасы -Арал қаласы). 

Жолды 2025 жылғы 7 желтоқсан сағат 07:00–де ашу жоспарланған.

ҚазАвтоЖол

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz