RU
Толық нұсқаға өту

Зейнетақы жинақтары ем алуға берілмейді

14.01.2026, 17:12 230

Енді зейнетақы қаражатынан ем-дом төлеуге болмайды.

«Отбасы банк» Денсаулық сақтау министрлігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, зейнетақы жинағы есебінен медициналық қызметтерді алуға қойылатын талаптарды қайта қарайды. Сондай-ақ жинақталған қаржыны мақсатсыз пайдаланудың жолын кесу үшін ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру тетіктерін пысықтайды. Былтыр күзде «Отбасы банк» зейнетақы ақшасы есебінен тіс емдеуге шектеу қойды. Бұл жаңалықтан кейін осындай қаражатқа  көз емдеймін деушілер 7 есе көбейген. Сұраныстың күрт өсуі күмән тудырып,  4 желтоқсаннан бастап офтальмологиялық қызметтер бойынша өтінім қабылдау тоқтады. Бір аптадан соң дәл осы себеппен зейнетақы қаржысы пластикалық ота жасауға берілмейтін болды. Ал жаңа жылдан бастап медициналық қызметтерге өтінім қабылдау мүлдем тоқтатылды. Бұл  зейнетақы қаражатының мақсатсыз жұмсалуына жол бермеу үшін  жасалды деп хабарлады банктің баспасөз қызметі. Өтінім қабылдау қашан қайта басталатыны белгісіз. Еске салайық, былтыр тексеріс нәтижесінде  42 стоматология арқылы зейнетақы қорынан 200 млрд теңге заңсыз шығарылғаны белгілі болды. Клиника қызметкерлері жалған құжат жасап, қордағы қаржыны алуға көмектескен.

2025 жыл 15 қыркүйек - тіс емдеуге өтініш қабылдау тоқтатылды

2025 жыл 4 желтоқсан - көз емдеуге  өтініш қабылдау тоқтатылды

2025 жыл 12 желтоқсан - пластикалық операция жасауға берілмейтін болды

2026 жыл 12 қаңтар - медициналық қызметке өтінімдерді қабылдау уақытша тоқтатылды

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz