RU
Толық нұсқаға өту

Қандасымыз Қазақстанды велосипедпен шарлап жүр

21.04.2026, 19:39 28

Қытайдың Шыңжаң өлкесінде дүниеге келген қандасымыз велосипедпен Қазақстанды шарлап жүр. 

Бүрлен Әділетқызы елімізге кезекті сапарын Ақтаудан бастады. Бірнеше күн аялдап, Каспийдің жағасындағы қаланың көрікті жерлерімен танысқан. 21 жастағы бойжеткен енді Бекет ата, Шопан ата секілді киелі орындарға мінажат етуді жоспарлайды. Осылайша, барлық облысты аралап, Астана күніне дейін елордаға жетуді көздейді. Әр өңірден алған әсерімен ғаламторда бөлісіп отырмақшы. Айта кетейік, Бүрлен Әділетқызы – 2024 жылы Үрімші қаласынан Астанаға 26 күнде жеткен веложиһангез. Сол кезде ол велосипедін Тұңғыш Президент мұражайының  қорына тапсырды. 

Бүрлен Әділетқызы, велосаяхатшы:

- Осы жолғы сапарымда біраз сәл уайымдау бар, өткендегі сапарыма қарағанда. Өйткені қазақ елін қатты түсініп жатқан жоқпын ғой. Енді келіп жатырмын. Сосын осылай жүріп, түсініп өтсем деген оймен жүрмін. Маршрут жасаған кезде байқағаным, елді мекендер арасы ұзақ. Басқа қорқыныш, ештеңе жоқ. Қасқыр, бірдеңе шығып қалмаса екен деп тілек тілеп өтемін ғой.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz