RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Тыл еңбеккерлеріне 200 мың теңгеден төленеді 

05.05.2026, 15:41 28

9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Ұлытау облысы тұрғындарына біржолғы әлеуметтік төлем қарастырылды, деп хабарлайды «24KZ».

Өңірде тыл еңбеккерлеріне 200 мың теңгеден біржолғы көмек беріледі.  Ал Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектерінің жұбайларына 100 мың теңге көлемінде төлем көзделген. 

Сонымен қатар концлагерьлердің, геттолардың және басқа да мәжбүрлі ұстау орындарының тұтқындарына да 200 мың теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек беріледі.

Төлемдер «Азаматтарға арналған үкімет»  мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ  арқылы жүзеге асырылады. Қаражат азаматтардың есепшоттарына 25 сәуір мен 7 мамыр аралығында аударылады.

Айта кетейік, қазіргі таңда өңірде 317 тыл еңбеккері,  19 ҰОС қатысушысының  жұбайы, сондай-ақ 2 концлагерь тұтқыны тұрады

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz