RU
Толық нұсқаға өту

Зейнетақы қоры жаңаша есептеледі

05.06.2026, 07:09 39

Елде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі жаңадан бекітіледі.

Бұл орайда халықтың демографиялық деректері, болжамды өмір сүру ұзақтығы секілді көрсеткіштер ескеріледі. Ең алдымен зейнетақы төлемдерінің жоғары әрі тұрақты деңгейін қамтамасыз ету және саланы халықаралық стандарттарға сай жүргізу міндеті тұр. Өйткені қолданыстағы жүйе салымшылардың болашақта алатын зейнетақысын күрт азайтып жіберуі мүмкін. Оның үстіне кейбір азаматтар жарнаны тұрақты аудармайды. Ал әлемдік тәжірибеде көптеген ел зейнетақы жинағын аса дағдарыс кезінде ғана мерзімінен бұрын пайдаланады. Мысалы, пандемия кезінде осы әдіс енгізілген.  

Мұрат Шәріпов, “БЖЗҚ” АҚ басқарушы директоры:

- Жаңа тәсілге сәйкес, азамат жинақтардың бір бөлігін пайдаланғаннан кейін де оның шотында медиандық жалақының кемінде 40 пайыз деңгейіндегі зейнетақы алуға жететін сома сақталуы тиіс. Бұл көрсеткіш халықаралық еңбек ұйымының ұсынысына сәйкес. Зейнетақы жинақтарының ең алдымен азаматтардың қартайған шағындағы табысын қамтамасыз етуге арналғанын ұмытпаған жөн.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz