Алдағы күндері елдің басым бөлігінде жел күшейіп, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін.
Қазгидромет осылай деп хабарлайды. Бүгін Алматы мен Жетісу облысының таулы аудандарында жауын болжанып отыр. Алдағы күндері Қостанай, Ақтөбе өңірлерінде жаңбыр жауады. Ал, елдің оңтүстігінде аптап ыстық сақталады. Күндіз ауа температурасы 35-40 градусқа көтеріледі. Ал оңтүстік-шығыс өңірлерде 37 градусқа дейін жетеді.
Тегтер #Елімізде #жауын #Қазгидромет #ауа райы болжамы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz