RU
Толық нұсқаға өту
Фото: ЖИ арқылы жасалған

Астана күні: елорда туралы 20 қызықты дерек

06.07.2026, 11:54 47

Бүгін Қазақстанның бас қаласы – Астана өз туған күнін атап өтуде. Осы мерекеге орай Ұлттық статистика бюросы елорда туралы 20 қызықты деректі ұсынды, деп хабарлайды «24KZ».

Ресми мәліметке сәйкес, 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Астанада 1 674 699 адам тұрады. Оның ішінде 884 029-ы – әйелдер, 790 670-і – ерлер.

Елордада бүгінде 545 мың бала 18 жасқа толмаған. 2025 жылы қалада 27,4 мың сәби дүниеге келген.

2026 жылдың алғашқы бес айында Астанада 3 469-дан астам неке тіркелген. Қала тұрғындарының орташа жасы 30,9 жас, ал күтілетін өмір сүру ұзақтығы 78,8 жас.

Статистикаға сәйкес, елордада 274 285 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш бойынша құрылыс саласындағы компаниялар саны 18,5 мыңға жетіп, Қазақстанда бірінші орынға шыққан.

Қалада 576 мың пәтер бар. Қоғамдық тамақтану нысандарының саны 6 819, оның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілері басым.

Мәдениет саласында Астанада 31 театр, 5 музей және 35 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. Сондай-ақ қала аумағында 24 саябақ орналасқан.

Инфрақұрылым бойынша тұрақты интернет абоненттерінің саны 443,4 мың болса, 2026 жылдың І тоқсанында қонақүйлерде 67,9 мың шетелдік турист орналасқан. Елордада 6 бес жұлдызды қонақүй жұмыс істейді.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстан бойынша 26 адамның есімі «Астана» деп аталады.

Астана күніне орай ұсынылған бұл деректер елорданың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын көрсетеді.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz